Жарнама
Жарнама

Қазақстанның ең танымал спортшыларының басын қосқан кеңес құрылды

Редактор
Бүгін, 17:39

Спортқа еңбегі сіңген бұл азаматтар саладағы проблемаларды дер кезінде анықтауға және шешуге атсалысуы тиіс

Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанда «Спортшылар кеңесі» құрылды. Оның құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар, сондай-ақ ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер енген. Бұл туралы Спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Спортқа еңбегі сіңген бұл азаматтар саладағы проблемаларды дер кезінде анықтауға және шешуге атсалысуы тиіс.

«Спортшылар кеңесі отандық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары және сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді диалог алаңына айналады», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін елімізде бірнеше спортшы ақша мәселесін көтеріп, Спорт министрлігін сынаған болатын. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров, гроссмейстер Бибісара Асаубаева да бар.

Реклама
Реклама