Жарнама
Жарнама

Азия чемпионатында Қазақстан Гимні қосылмай қалды

Редактор
Бүгін, 14:07
Видеодан кадр

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы су добынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ерекше патриоттық әрекетімен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Марапаттау рәсімі кезінде ұйымдастырушылар Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранының дыбысын уақытында қоса алмаған. Команда өкілдерінің мәліметінше, Әнұранның жазбасы алдын ала тапсырылғанымен, техникалық ақауға байланысты ол ойнатылмай қалған.

Алайда қазақстандық спортшылар тосылып қалмай, мемлекеттік Әнұранды ешқандай музыкалық сүйемелдеусіз өздері хормен орындап шықты.

Бұл әсерлі сәт бейнежазбаға түсіріліп, кейін әлеуметтік желілерде жарияланды. Қазақстандық жанкүйерлер мен желі қолданушылары жас спортшылардың елге деген құрметі мен патриоттық ұстанымына жоғары баға беріп жатыр.

Реклама
Реклама

Материалда: