Жарнама
Жарнама

Азия чемпионатына барған қазақ волейболшылары қонақ үйге кіре алмай, далада қалды

Редактор
Бүгін, 17:36

Дереккөздің жазуынша, Қазақстан волейбол федерациясының салғырттығынан спортшылардың қонақүй ақысы төленбеген

Инсайды волейбол KZ

Қытайда жасөспірімдер арасында волейболдан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының жас спортшылары жарысқа дайындық жүргізудің орнына, жататын жай таппай жүр деп жазды «Инсайды волейбол KZ» телеграм-каналы.

Дереккөздің жазуынша, Қазақстан волейбол федерациясының салғырттығынан спортшылардың қонақүй ақысы төленбеген. Салдарынан балалар отельдің фойесінде өмір сүруде.

«Турнир аяқталуға жақын. Ал, біздің болашақ жұлдыздар мүлдем болмауы керек проблемалармен бетпе-бет өздері қалып отыр. Біз осыдан кейін ұлттық құрамадан қалайша нәтиже талап етеміз? Жеңіс - кейдені соғудан емес, өз командаңа құрметтен басталады. Федерация ойыншыларға дұрыс жағдай жасап бере алмай отырып, волейболдың дамуы туралы айтуы – нағыз екіжүзділік», - деп жазылған аталған хабарламада.

Реклама
Реклама