Жарнама
Жарнама

Елдос Сметов бастаған Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аттанады

Редактор
Бүгін, 14:41

Қазақстан дзюдодан 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын құрамын жариялады

instagram.com/kaz_judoteam

Қазақстан дзюдо федерациясы 2026 жылы Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтетін XX Жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін ресми түрде жариялады.

Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ал дзюдодан жүлделер 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында сарапқа салынады.

Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесінің шешімімен Қазақстан атынан жарысқа жеті ер және жеті әйел спортшы қатысады.

Ерлер құрамасы:

  • 60 келі – Елдос Сметов;
  • 66 келі – Ғұсман Қырғызбаев;
  • 73 келі – Бақытжан Абдурахманов;
  • 81 келі – Алмат Әділет;
  • 90 келі – Айдар Арапов;
  • 100 келі – Марат Байкамуров;
  • +100 келі – Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер құрамасы:

  • 48 келі – Әбиба Әбужақынова;
  • 52 келі – Меруерт Сәрсенова;
  • 57 келі – Дана Әбдірова;
  • 63 келі – Эсмигүл Куюлова;
  • 70 келі – Ажар Асхат;
  • 78 келі – Екатерина Токарева;
  • +78 келі – Аида Тойшыбекова.

Айта кетейік, XX Жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтеді.

Реклама
Реклама