Жарнама
Жарнама

Бақдәулет Ағабек күрестен U17 әлем чемпионатында алтын алды

Редактор
01.08.2026, 20:05

Ол финалда Аарьянмен (Үндістан) күш сынасты

ҰОК

Әзербайжанның Баку қаласында күрестен U17 әлем чемпионаты жалғасуда.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Ол финалда Аарьянмен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Бақдәулет Ағабек 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, бүгін 1 тамызда Сағындық Темірғали (110 келіге дейін) қола жүлде күреседі.

Реклама
Реклама