Жарнама
Жарнама

Өзбекстанда алғашқы заңды букмекер пайда болды

Редактор
31.07.2026, 23:17

Аталған компания 2020 жылдан бері Қазақстан футбол федерациясы мен Премьер-лиганың жетекші клубтарын қолдап келеді

Olimpbet

Елде жұмыс істеуге лицензияны бұған дейін Қазақстан мен Ресей нарықтарында қызмет көрсеткен Olimpbet компаниясы алды.

Olimpbet – ТМД елдерінде спортты жүйелі түрде қолдауымен танымал, спорттық ойын-сауық нарығының көшбасшысы. Компания заң аясында жұмыс істейді және пайдаланушыларға ашық сервис, ресми төлем құралдары, жеке деректердің қорғалуы мен заңнамаға сәйкес ұтыстардың кепілді төленуін қамтамасыз етеді.

Olimpbet-тің спорт индустриясындағы тәжірибесі

Olimpbet Өзбекстан нарығына спорт саласындағы көпжылдық тәжірибесімен келіп отыр. Компания Қазақстанда өзін сенімді әріптес ретінде танытып, 2020 жылдан бері Қазақстан футбол федерациясы мен Премьер-лиганың жетекші клубтарын қолдап келеді.

Olimpbet төрешілерге арналған бейнекөмек жүйесін (VAR) енгізуді қаржыландырды және ұлттық турнирлер матчтарының телетрансляцияларын кеңейтуге ықпал етті. 2021 жылдан бастап ел чемпионатының ойындары ашық телеарналарда көрсетіле бастады. Соның нәтижесінде жанкүйерлердің футболға қызығушылығы айтарлықтай артты: 2021 жылы Қазақстан Премьер-лигасы матчтарына жалпы 242 мың көрермен келсе, 2025 жылғы маусымда бұл көрсеткіш рекордтық 912 мыңға жетті.

ММА, киберспорт және ұлттық спорт түрлері

Футболдан бөлек, Olimpbet басқа да спорт түрлерін қолдау тәжірибесіне ие. Қазақстанда компания Alash Pride және Naiza секілді ірі ММА промоушендерінің демеушісі болып табылады. Бұл ұйымдарда Өзбекстаннан шыққан файтерлер дәстүрлі түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Ресейде Olimpbet поп-ММА бағытының әлеуетіне алғашқылардың бірі болып сенім білдірді. Hardcore және Top Dog ұйымдарының негізгі серіктесі ретінде компания жалаң жұдырық жекпе-жектерін YouTube-тағы тар ауқымды контенттен мыңдаған көрермен жиналатын ареналардағы ауқымды шоу-индустрияға айналдыруға үлес қосты.

Киберспортта бренд халықаралық турнирлер ұйымдастырады және Орталық Азиядағы алғашқы әйелдер киберспорт лигасы – FPL жобасының бастамашысы болып табылады.

Соңғы бірнеше жыл бойы Olimpbet ұлттық спорт түрлерін де жүйелі түрде қолдап келеді. Компанияның қолдауымен Қазақстандағы бәйге чемпионатының қатысушыларының географиясы едәуір кеңейіп, жалпы жүлде қоры бірнеше есеге артты. Бұл ат спорты саласының дамуына қосымша серпін берді.

Заңды мәртебенің пайдаланушыларға беретін артықшылықтары

Ресми букмекер қызметін пайдаланатын спорт жанкүйерлері келесі артықшылықтарға ие болады:

  • Қаражаттың қауіпсіздігі: ұтыстардың 100% кепілдендірілген төлемі және ыңғайлы ресми төлем жүйелері;
  • Жеке деректерді қорғау: цифрлық қауіпсіздіктің жоғары деңгейі және ақпараттың құпиялығы;
  • Ашықтық: ставкаларды есептеудің түсінікті қағидалары және реттелмейтін платформаларға тән тәуекелдердің болмауы;
  • Спортты қолдау: жергілікті командалардың, спорттық трансляциялардың және жанкүйерлерге арналған іс-шаралардың дамуына үлес қосу.

Olimpbet-тің басты мақсаты – Өзбекстандағы пайдаланушыларға заңды әрі ашық сервис ұсыну, спорт индустриясының дамуына жаңа қолдау көздерін қалыптастыратын жүйенің қозғаушы күшіне айналу және жанкүйерлерге өз клубтары мен спортшыларын мақтан тұтуға бұдан да көп мүмкіндік беру.

Реклама
Реклама