Даңқты боксшы кезінде аталған қауымдастықтың чемпиондық титулын екі рет жеңіп алған
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкинді жаңа лауазымға кірісуімен құттықтады.
«Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді Қазақстан Олимпиада комитетінің президенті болуымен құттықтаймыз», - деп жазылған қауымдастық лебізінде.
Кеше Астанада өткен ҰОК бас ассамблеясында 2015 жылдан бері президент болған Тимур Құлыбаев орнынан кетіп, Геннадий Головкин сайланған еді. Кейін Головкиннің командасы жасақталып, бірнеше вице-президент пен бас хатшының есімі белгілі болды.