Астанадағы спорт мектебіне Бекзат Саттарханов есімі берілетін болды

Редактор
28.02.2024, 15:41

Сондай-ақ, даңқты спортшының атында Түркістанда да бір нысан ашылады

Фото ашық дереккөзден

Астанада бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов есімі спорт мектебіне беріледі. Елордалық жастар осындай бастама көтеріп, ол қала әкімдігі тарапынан қолдау тауып отыр.

Журналист Аслан Қаженовтің жазуынша, жоспар бойынша құжат рәсімдеу жұмыстары апта соңына дейін аяқталмақ.

Сонымен қатар, Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта нысанның қасбетін сәндеу, жылыту, желдету жүйелерін орнату жұмыстары жалғасуда. Олимпиада чемпионы атындағы спорт кешені құрылысының 70 пайыз жұмысы аяқталған. Болашақ заманауи спорт кешенінде белгілі бапкер Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің ұжымы орналасады. Сондай-ақ, спорт кешенінде республикалық, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік қарастырылған.

Материалда: