«Спортта жемқорлық көбейді»: Антикор төрағасы саладағы былықтар туралы айтты

Редактор
29.02.2024, 16:19

Тек осы жылдың өзінде 18 қылмыстық іс тіркелген

Akorda.kz

Президент қабылдауында болған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали спорттағы жемқорлық туралы айтты.

Оның сөзінше, жыл басына бері спорт саласында жиырмаға тарта қылмыстық іс тіркелген. Сондай-ақ, Асхат Жұмағали спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп жатқанын, тексеру барысында бюджет қаражатының тиімсіз бөлінуіне, соның ішінде сыбайлас жемқорлық сын-қатерлеріне байланысты әрекеттер анықталғанын жеткізді.

«Тек осы жылдың өзінде Агенттік аталған саладағы жымқыру деректері бойынша 18 қылмыстық істі тіркеді», - деді ол қабылдауда барысында.

Материалда: