Тоқаев Головкинге Олимпиада жолдамаларының санын көбейтуді тапсырды

Редактор
29.02.2024, 19:24

Қазір ұлттық құрама қоржынында небәрі 19 жолдама бар

Akorda

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланған Геннадий Головкин мемлекет басшысының қабылдауында болды. 

Кездесу барысында Қ.Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап, лицензиялар санын көбейту және Париж олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды.

«Өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Сондай-ақ, ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүргізілуі керек», - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен бірге, президент Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.