Финалда ол өзбек балуанын тізе бүктірді
Лозаннада (Швейцария) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде (81 кг) қазақ балуаны Абылайхан Жұбаназар алтын жүлде жеңіп алды.
Бұған дейін отандасымыздың финалға шыққанын жазған болатынбыз. Ақтық сында ол өзбек дзюдошысы Арслонбек Тожиевпен белдесіп, жеңіске жетті.
Осылайша Абылайхан биылғы маусымдағы алғашқы Grand Slam-ін жеңіп отыр. Ал, өзбек қарсыласы күміс жүлдеге ие болса, үшінші орынды швейцариялық Орельен Бонферрони мен әзербайжандық Омар Раджабли өзара бөлісті.