Абылайхан Жұбаназар Grand Slam алтыны үшін белдеседі

Отандасымыз жартылай финалда БАӘ өкілі Георгий Элбакиевтен басым түсті

ҰОК
ҰОК

Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр.

Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақтың финалына шықты.

Отандасымыз жартылай финалда БАӘ өкілі Георгий Элбакиевтен басым түсті. Осылайша қазақстандық дзюдошы ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен күреседі.

Ал Бақытжан Абдурахманов (73 келіге дейін), Ажар Асхат (70 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) финалдық кезеңге өте алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам