Жарнама
Жарнама

Өзбекстандық қазақ Қазақстанның мықты дзюдошысын Grand Slam-де жеңді

Редактор
30.08.2026, 16:15

Oтандасымыз Өзбекстан атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ерназар Сәрсенбаевтан жеңілді

IJF

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамұров Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турниріндегі өнерін аяқтады.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Өзбекстан атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ерназар Сәрсенбаевтан жеңілді.

Байқамұров пен Сәрсенбаев үшінші айналымға шығу жолдамасын сарапқа салды. Белдесу өзбекстандық спортшының жеңісімен аяқталып, қазақстандық дзюдошы жүлде үшін таластан шығып қалды.

Айта кетейік, Марат Байқамұров биыл Астанада өткен Grand Slam бәсекесінде топ жарған болатын. Ал Ерназар Сәрсенбаев 2026 жылы Ташкенттегі дәл осы деңгейдегі турнирде күміс жүлде иеленген.

Реклама
Реклама

Материалда: