Елдос Сметов Ташкент турнирін жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Редактор
01.03.2024, 12:12

Қазақстандық дзюдошылар бірінші айналымды сәтті бастады

olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте басталған Гранд Слэм турнирінде Елдос Сметов алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. 60 келіде кубалық Шарон Жонаханмен белдескен белгілі дзюдошы қарсыласына еш мүмкіндік берместен басым түсті.

Енді Елдос Сметов екінші белдесуін грузиялық Лухуми Геохвимианиге қарсы өткізеді. 60 келіде татамиге шыққан тағы бір қазақстандық балуан Нұрқанат Серікбаев бірінші айналымда тәжікстандық Мехрзод Суфиевті қапы қалдырды. Ол енші ширек финалға шығу үшін ресейлік Аюб Блиевпен шеберлік байқасады.

66 келіде Ғұсман Қырғызбаев саудиялық спортшыны жеңіп, енді қырғызстандық Құбанышбек Айбекұлымен белдеседі. Бұл салмақтағы тағы бір отандасымыз Жанарыс Рахметәли бірінші кездесуде БАӘ дзюдошысын жеңіп, келесі айналымда Израиль өкілі Варух Шамиловпен күреседі.

48 келіде Абиба Әбужақынов – Түркіменстан, ал Ғалия Тынбаева германиялық қарсыласын ұтса, 52 келіде Аружан Ережепова келесі айналымға өтті. 57 келіде Бақыт Құсақбаева бірінші белдесуде жеңіліп қалды.