Жүзу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан 20 алтын медаль жеңіп алды

Редактор
01.03.2024, 11:42

Қазақстандық жүзгіштер 14 рет Азия рекордын жаңартты

Туризм және спорт министрлігі

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында жүзу спорт түрлерінен XI Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы аталған жарыста тарихи жетістікке жетті деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық жүзгіштер 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында 20 алтын, 11 күміс және 5 қола жүлде бар. Мұндай нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте Жапонияға ғана жол беріп, екінші орын алды. 

Чемпионат барысында Қазақстан спортшылары Азияның 14 рекордын, Қазақстанның 3 рекордын жаңартты.

1 наурызда суға секіруден Азия чемпионаты аяқталады. Қазірдің өзінде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль иеленіп отыр.

Материалда: