Головкиннің орынбасарларын да ауыстыру керек – депутат ескі Қазақстанға шүйлікті (ВИДЕО)

Редактор
01.03.2024, 16:37

Бұған дейін экс-саясаткер Амалбек Тшанов та Головкиннің командасына көңілі толмайтынын айтқан

parlam.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Ұлттық Олимпиада комитетіне Геннадий Головкиннің президент болып сайлануына қатысты пікірін білдірді.

Айта кетейік, Головкин жаңа қызметке кіріскен күні-ақ оның командасы жасақталды. Команда құрамында Асқар Мамин, Даниял Ахметов сынды экс-шенеуніктер мен олигарх Болат Өтемұратов бар. Осыған байланысты қоғамда теріс пікірлер айтылып жатыр. Депутат Нартай Аралбайұлы да Головкиннің орынбасарларын өзгерту керек деген пікірін «Халық үні» сайтына айтты. Дегенмен, ол нақты ешкімнің аты-жөнін айтқан жоқ.