Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Абиба Әбужақынова Ташкент Гранд Слэмінің финалында жеңілді (ВИДЕО)

Редактор
01.03.2024, 17:27

Бүгінгі жарыс күнінде өзге қазақстандық дзюдошының бәрі жеңілді

olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінің финалына шыққан Абиба Әбужақынова ресей балуанынан жеңіліп, күміс медальді місе тұтты.

48 келіге дейінгі салмақта күресетін жерлесіміз ақтық сында ресейлік Сабина Гилязовамен күрескен. Белдесу барысында оның қарсыласы ұтымды әдіс қолданып, Абибаны иппонмен жеңді.

Айта кетейік, бүгінгі жарыс күнінде Абибадан өзге қазақстандық дзюдошылардың барлығы жеңіліп қалды. 60 келіде үміт артқан Елдос Сметов қарсыласына тыйым салынған әдіс қолданғаны үшін жарыс жолынан шығарылды.

Жарнама
Жарнама