Атырау облысы Спорт басқармасының басшысы бапкерлерден ақша алып отырған деп айыпталуда

Редактор
02.03.2024, 11:05
Атырау облыстық әкімдігі

Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановты Антикор ұстады деп хабарлады белгілі журналист Михаил Козачков.

Дереккөздің мәліметінше, шенеунік қоластында жұмыс істейтін бапкерлерден заңсыз ақша жинап келген көрінеді.

Дастанбек Қоспанов бұл қызметке былтыр жазда тағайындалған дболатын.

Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан футбол фежерациясының экс-президенті Ерлан Қожағапановты ұстағанын хабарлаған.