Ресейде Кикбоксинг федерациясының президенті өз ұлын зорлап, оны камераға түсіріп келген

Редактор
06.03.2024, 01:35

Ол видеороликтерді порноматериал ретінде сатпақ болған

новости Сочи

Сочи қаласындағы Кикбокс федерациясының президенті 39 жастағы Амаяк Давыдов кішкентай баласын бірнеше жылдан бері зорлап келген және бұл әрекетін видеокамераға түсірген деп хабарлайды Mash телеграм-каналы.

Белгілі болғандай, спортшының зәбір көрген ұлы небәрі 2016 жылы туған. Әкесі оны алғаш рет 2020 жылдың қаңтарында зорлап бастаған. Оның бұл азғындық әрекеті 2022 жылдың қазанына дейін жалғасыпты.

Давыдов тек Федерация президенті ғана емес, ол Сочи қаласының депутаты, Жас депутаттар одағының мүшесі. Қазір оның үстінен қылмыстық кодекстің екі бабы: 14 жасқа толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсету және жасөспірімді порноматериал дайындау үшін пайдалану бойынша іс қозғалды.