Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен шахмат фестивалінің жеңімпазы атанды

Редактор
08.03.2024, 14:59

Ол 3 млн рубль жеңіп алды

РШФ баспасөз қызметі

Мәскеуде өткен «Аэрофлот Open 2024» турнирін қазақтың шахматшы қызы Бибісара Асаубаева жеңіп алды.

Аталған жарысқа FIDE рейтингінде 2 300 ұпайдан жоғары ұпайы бар шахматшылар, сондай-ақ, 15 жасқа толмаған жасөспірімдер да қатысты.

«Асаубаевамен бірге фестивальге Қазақстан атынан Қазбек Нөгербек, Даниал Сәпенов, Рамазан Жалмаханов және Әлішер Сүлейменов қатысты. Жарысқа барлығы 500-ден астам шахматшы қатысқан», - делінген Қазақстанның шахмат федерациясы таратқан ақпаратта.

Шахмат фестивалінің жүлде қоры 15 млн рубльді құрады. Чемпион атанған Бибісараға 3 миллион рубль берілген.