Эльмира Сыздықова Түркия турнирінен күміс жүлде иеленді

Редактор
08.03.2024, 16:37

Жарысқа 25 елдің балуандары қатысуда

Қазақстан күрес федерациясы

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Түркияның Анталья қаласында Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр.

Анадолы еліндегі айтулы турнирдің бірінші жарыс күнінде бұрымды балуандарымыз 50, 57, 65, 76 келіде бозкілемде өз әлеуетін сынап көрді. Олардың арасында Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 кг) финалға шығып, күміс жүлдеге ие болды. Ад 57 келіде белдескен Эмма Тисина  қола жүлдеге қол жеткізді.

Ертең әйелдер құрамасының балуандары 53, 59, 62, 68, 72 келі салмақта жүлде үшін күреседі.

Антальядағы сынға әлемнің 25 елінен 600-ден астам палуан қатысып жатыр.