Антальядағы турнирде Иран мен Түркия балуаны бозкілемде төбелесті (ВИДЕО)

Редактор
09.03.2024, 15:28

Мұның соңы жаппай төбелеске ұласқан

Түркия күрес федерациясы

Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Яшар Догу атындағы халықаралық турнирде Иран және Түркия балуандары арасында төбелес шығып, екі спортшы жарыстан шеттетілді.

Грек-рим күресінен 77 келіде жартылай финалға жеткен спортшылар белдесу аяқталмай жатып төбелеске жол беріп, айқасқа олардың командаластары да араласып кетті. Ал, төрешілер кеңесі қос спортшыны жарыстан шеттеуді жөн деп тапты.

Түрік балуаны Юксел Сарычичек 1/8 финалда Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтан 4:1 есебімен басым түскен болатын. Алайда, кейін аталған белдесуге сараптама жасаған әлем чемпионатының күміс жүлдегері, өзбекстандық Рустам Ассакалов қырғыздың ұтылуына төрешілердің септігі тигенін атады.

Айта кететін жайт, аталған турнирде белдескен қазақстандық Эльмира Сыздықова күміс жүлдегер атанса, Эмма Тисина қола медальға ие болды.