Қазақстан әйелдер құрамасы Түркиядағы күрес турнирінен 6 жүлде алды

Редактор
09.03.2024, 15:56

Жалпыкомандалық есепте біздің елдің балуандары үшінші орында тұр

olympic.kz

Түркияда күрес түрлерінен өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы екі күміс, төрт қола медальға қол жеткізді.

Ұлттық құрама мүшелері 122 ұпаймен жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасып отыр.

Турнирдің екінші жарыс күні 62 келі салмақта Ирина Кузнецова финалда қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбековаға есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

Алғ 59 келіде Гүлдана Бекеш, 68 келіде Елена Шалыгина, 72 келіде Шамшиябану Тастанбек қола жүлдегер атанды.

Кешегі жарыс күнінде Эльмира Сыздықова (76 кг) – күміс, Эмма Тисина (57 кг) қола медаль иеленген еді.

Olympic.kz сайтының жазуынша, жалпы командалық есепте Жапония 135 ұпаймен бірінші орынға шықса, Моңғолия 133 ұпаймен екінші орынды иеленген.