Қазақстан құрамасы су добынан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Редактор
10.03.2024, 10:47

Қыздар құрамасы төртінші орыннан аса алмады

Olympic.kz

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы су добынан үшінші орынды жеңіп алды.

Қола медаль үшін болған шешуші матчта біздің команда Қытай құрамасымен кездесіп, 7:4 есебімен жеңді. Ал, финалдық кездесуде Жапония 17:13 есебімен Иран ватерполшыларынан айласын асырды.

Қыздар құрамасы да үшінші орын үшін таласқан. Алайда, тай елінің командасынан 11:15 есебімен жеңілді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан спортшылары 30 алтын медальмен екінші орынға тұрақтады. Бірінші орында Жапония тұр.

Материалда: