Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы Ахмед Тажудиновтен жеңіліп қалды

Редактор
09.03.2024, 23:17

Ол енді Бішкекте өтетін Азия чемпионатына қатысады

olympic.kz

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Антальяда өтіп жатқан халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды.

Ол Яшар Догу турнирінің шешуші белдесуінде 97 келіде әлем чемпионы атанған Бахрейн балуаны Ахмед Тажудиновтен уақытынан бұрын ұтылып қалды. Осылайша отандасымыз қола медаль үшін күресіп, үздік үштікке қосылды.

Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан ақпан айында ел чемпионатының финалында Әлішер Ерғалиға есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты. Ол сәуір айында Бішкекте өтетін Азия чемпионатында 97 келіде белдеседі. Бұған дейін күрес жанкүйерлері Ахмед Тажудинов пен Ризабек Айтмұқанның кездесуі мүмкін екенін болжаған болатын. Алайда қос әлем чемпионы құрлық чемпионатына дейін халықаралық сында өзара белдесіп отыр.

Бахрейн балуаны былтыр Сербияда сенсация жасағаны көпшілікке белгілі. Ол Олимпиада чемпиондары америкалық Кайл Снайдер мен ресейлік Абдулрашид Садулаевты ірі есеппен ұтып, 97 келіде алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, ол былтыр Азия чемпионаты мен Азия ойындарында да топ жарды.