Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Пара Азия Ойындарында Қазақстан құрамасы 7-ші алтынды иеленді

Редактор
26.10.2023, 18:20

Бұл – бүгінгі жарыс күніндегі екінші алтын

Фото ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Пара Азия Ойындарында қазақстандық спортшысы Диас Кенжебек 100 метрге шалқалап жүзуден жеңімпаз атанды.

Диас Кенжебек сары құрлық бәсекесінде 1:05:42 нәтижесімен жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартып отыр. Одан кейін жапон спортшысы Онта Шаньюань мен парсы атлеті Шахин Изадиар күміс және қола жүлдені өзара бөлісті.

Отандасымыз иеленген алтын Пара Азия Ойындарында Қазақстан спортшылары иеленген 7-ші алтын. Бұған дейін ел спортшылары күш қолданылатын спорт түрлері бойынша үздік шығып, Қазақстанның әнұранын шырқатқан болатын.

Сонымен бірге, бүгінгі жарыс күнінде Қытайдағы жарысқа қатысып жатқан пара спортшыларымыз ядро лақтыру, пауэрлифтинг, велоспорт, шахматтан бірнеше жүлде иеленді. Сондай-ақ, каратешілердің екеуі финалға шығып, тағы қос атлет қола медаль үшін сынға түсуге мүмкіндік алды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: