Қалған балуандарымыз жеңіліп қалды
Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан Гранд слэм турнирінде Қазақстанның балуан қызы Кәмила Берліқаш күміс жүлдегер атанды. Аса ауыр салмақта татамиге шыққан ол финалға дейінгі үш кездесудің барлығында қарсыластарынан басым түскенімен, ақтық сында Португалия спортшысы Рошеле Нунеске есе жіберді.
Алғашқы айналымда бос болған ол жарысты екінші кезеңнен бастады. Әуелі хорват дзюдошысы Ивано Суталоны жеңіп, ширек финалға шықты. Ал келесі кезеңде Бразилия спортшысы Жиованна Сантосты ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
Жауапты белдесуде отандасымыз италиялық Эрика Симонеттиді сан соқтырған болатын. Алайда, алтынға таласта отандасымызға сәттілік жетіспеді.
Бұдан бөлек, 78 келіде белдескен Маргарита Греценко алғашқы белдесуінде Франция балуаны Фрабуттиг Хлоедан ұтылып қалды. Ерлер арасында тараздық Ғалымжан Қырықбай жарысты екінші кезеңде сәтті бастап, Гринидж Уэслиден басым түскен. Алайда, келесі кезеңде жарыс қожайыны Магомедомар Магомедомаровқа жол берді.
100 келіде Ислам Бозбаев Абу-Даби бәсекесін бірінші айналымда аяқтады. Осы салмақтағы тағы бір балуан Шархан Нұрлыхан бірінші айналымда Ұлыбритания спортшысын ұтқанымен, келесі кезеңде канадалық Шади Эльнахастан айласын асыра алмады.