17 жастағы Қазақстандық таеквондошы Париж олимпиадасының жолдамасын иеленді

Редактор
15.03.2024, 15:20

Батырхан Төлеуғали жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегер атанған

olympic.kz

Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан Азия аймақтық лицензиялық турнирінде отандасымыз Батырхан Төлеуғали Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

Ерлер санатында 80 келіге дейінгі салмақта бойынша өнер көрсеткен Батырхан Төлеуғали жартылай финалда Сауд Арабиясы өкілі Әли-Мабрук-әл-Мабруктан басым түсті. Осы ретте 17 жастағы спортшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алып отыр.

Абай облысының өкілі іріктеу кезеңдерінде Үндістан спортшысы Акшай Худуды 16:3 есебімен ұтып, жартылай финалға шыққан болатын.

Бұған дейін Батырхан Төлеуғали жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, ол Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы.