«Лозаннада кездесеміз»: ХОК басшысы Головкинге сәлем жолдады

Редактор
15.03.2024, 15:26

GGG президент болып биыл 26 ақпанда сайланды

ҚазТАГ

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Геннадий Головкинді Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайлануымен құттықтады.

Бұл туралы ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлімдеді. ХОК президенті өз кезегінде Г.Головкинге жаңа жұмысының сәтті болуын атап, табысты болуына тілектестігін білдірген.

«Сізге 2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Президенті лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтауымды білдіруге және осы қызметте сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз. ХОК сіздің ҰОК-пен жемісті ынтымақтастығын жалғастыруға үміт артады және Олимпиадалық қызмет пен Қазақстан спортшыларының мүддесі үшін Сіздің ҰОК-қа өз миссиясы мен күнделікті қызметін жүзеге асыруда қолдау білдіруді және көмек көрсетуді жалғастыруға толық ықтиярыңызда болады. Біз сіздермен жақын арада Лозаннадағы Олимпиада үйінде кездесетінімізге өте қуаныштымыз», - делінген ХОК басшысы Томас Бахтың ресми хатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин осы жылдың 26 ақпанында еліміздің ҰОК президенті болып сайланған болатын. Ол 2015 жылдан бері аталған ұйымды басқарған белгілі олигарх Тимур Құлыбаевты алмастырды.