Қазақстан Париждегі Паралимпиада ойындарында медаль саны жөнінен рекорд орнатпақшы

Редактор
17.03.2024, 23:40

Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді

twitter.com/paralympics

Соңғы жылдары Қазақстанның Паралимпиада құрамасының спортшылары жақсы өнер көрсетіп жүр. Рио, Токиодағы жүлделеріміз соған дәлел. Енді Парижде де жоғары жетістікті көздейді. Бұл туралы Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев айтты.

«Бізде қазір 11 лицензия бар. Жалпы 25 жолдамаға дейін қол жеткізгіміз келеді. Мұндай алғаш рет болмақ. Егер 25 лицензия алып жатсақ, бұл біз үшін жаңа жетістік. Үміттеніп отырмыз. Бірақ біз спортшылардың алдында нақты тапсырма қоймаймыз. Оларға қосымша мотивация берудің қажеті жоқ. Өйткені олар өздерін жігерлендіре алатын жандар. Бастысы, кедергі жасамау керек. Асығыс болжам жасағым келмейді. Бірақ біз Парижден медаль әкелеміз деп ойлаймын. Blind football спортынан бөлек, Қазақстанға тағы 14 паралимпиадалық спорт түрін енгіздік. Оның ішінде флеш-хоккей, боча, голбол, арбадағы баскетбол, теннис және басқалар бар», - деді Қайрат Боранбаев Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Париждегі Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан 2016 жылы Паралимпиада ойындарында 1 алтын, 1 күміс, 2020 жылы 1 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған.