Кубаның аңыз балуаны Парижде 5 дүркін Олимпиада чемпионы атануды көздейді

Редактор
18.03.2024, 11:45

Ол қазір 42 жаста

UWW

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының 4 дүркін чемпионы, кубалық Михаин Лопес биыл Париж Олимпиадасына қатысуды жоспарлап отыр. Бұл Кубаның аңыз балуанының алтыншы олимпиадасы болмақ.

Биыл 42 жасқа аяқ басқан Михаин Лопес Париждегі ойындарға дайындық қарқынды жүріп жатқанын атады. Егер ол бұл сында чемпион атанса, күрес түрлері бойынша 5 дүркін чемпион атанған алғашқы спортшы атанбақ.

М.Лопес ең алғаш рет 2004 жылы Афины Олимпиадасына қатысып, ширек финалда сүрінген болатын. Кейін ол 2008, 2012, 2016, 2020 жылдары қатарынан төрт ойында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы. Бұдан бөлек, Панамерика чемпионатын 9 рет ұтқан.

Ол 2016 жылы Рио Олимпиадасын ұтқаннан кейін үш жыл бойы ресми жарыстарда күрескен жоқ. Тек араға 3 жыл салып Панамерика ойындарына қатысты. Ал Токиода барлық қарсыласына еш мүмкіндік берместен, грек-рим күресіндегі рекордты жаңартты. Оған дейін бұл спорт түрінде тек Александр Карелин ғана Олимпиаданы 3 рет ұтқан болатын.