Ислам Байрамуков басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
22.03.2024, 21:14

Аталған мекемені 2022 жылы Дәурен Абаев жауып тастаған болатын

instagram.com/islam_bairamukov_97

Алматы қаласындағы Тимирязев көшесінде орналасқан Республикалық спорт колледжіне даңқты балуан, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков директор болып тағайындалды.

Ол туризм және спорт министрлігі өткзіген конкурстан жеңіп, 19 наурызда аталған қызметке тағайындалды.

Шәміл Серіков, Дәулет Тұрлыханов, Ольга Шишигина, Валерий Люкин, Елена Чебукин, Валерий Тихоненко, Ермахан Ыбырайымов, Ислам Байрамуков секілді дүлдүлдер тәрбиеленіп шыққан оқу орны 2022 жылы жабылған еді. Сол кездегі Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев орнына модульдік спорт кешенін саламын деп, бай тарихы бар оқу орнының жұмысын тоқтатқан. Бірақ, осы Ислам Байрамуков бастаған белсенділердің арқасында қайтадан жұмысын жалғастырды. Ал Дәурен Абаев қызметінен алынды.