Қазақ балуанына қола жүлдесін берген Ресей спортшысына Олимпиада алтыны табысталады

Редактор
27.03.2024, 17:23

Дәулет Шабанбай өз медалін екі жыл бұрын алып қойған

Фото ашық дереккөзден

Еркін күрестен аса ауыр салмақта Лондон Олимпиадасында қола жүлдегер атанған Біләл Махов ресми түрде чемпион атанады. Оған Лондон Олимпиадасының алтын жүлдесі сәуірдің соңы мен мамыр айының басында өтетін РФ чемпионатында табысталмақ.

Біләл Махов 2012 жылы Олимпиада ойындарының жартылай финалында грузин балуанынан ұтылған еді. Кейін ол қола медаль үшін қазақстандық Дәулет Шабанбаймен белдесіп басым түсті.

Алайда Олимпиада финалында ауыр салмақта күрескен Грузия және Өзбекстан балуанынан допинг анықталуына байланысты олардың нәтижесі жоққа шығарылды. Бұл ретте қос қола жүлдені иеленген Иран балуаны Комейл Гасеми мен ресейлік Біләл Махов бір салмақта Олимпиада чемпионы ретінде танылды.

Павлодар облысының спортшысы Дәулет Шабанбайға 2022 жылы әлем чемпионатында ресми түрле Лондон Олимпиадасының қола жүлдесі табысталған еді. Кейін оған облыс әкімдігі баспана берілді.