Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Бейруттегі турнирде алтын алды

Редактор
28.03.2024, 11:03
Фото: Olympic.kz

Қазақстан командасы Бейрутте (Ливан) үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде төрт медаль жеңіп алды. 

Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, Алан Құрманғалиев 17 жасқа дейінгілер арасында жарыс жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ Арнұр Оралханов – Жанерке Көшкімбаева жұбы (19 жасқа дейінгілер), Нұрислам Қасым (17 жасқа дейінгілер) және Нұрдәулет Азаматұлы (13 жасқа дейінгілер) қола жүлдеге ие болды. 

Материалда: