Оның орнына спортшы оқу-жаттығу жиынына аттанады
Тбилиси Гранд Слэмінде жеңімпаз атанған Нұрқанат Серікбаев Антальяда өтетін жарыстан босатылды.
Өткен аптада халықаралық жарыста 60 келіде топ жарып, рейтингте 6 саты жоғарылаған отандысымызды бапкерлер Түркиядағы турнирге қатыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда, бұл шешім өзгеріп, Н.Серікбаев халықаралық оқу-жаттығу жиынына баратын болды.
«Нұрқанат Серікбаев спорттық бабына байланысты бапкерлер құрамының шешімімен Анталья турнирінен босатылды. Ол турнир аяқталғаннан кейін халықаралық оқу-жаттығу лагеріне қатысады», - деп мәлімдеді еліміздің дзюдо федерациясы.
Антальядағы Гранд Слэм бәсекесі 29-31 наурыз күндері өтеді. Ал халықаралық оқу жаттығу жиыны 1-5 сәуір күндері ұйымдастырылғалы отыр.