Бибісара Асаубаева онлайн жарыстың жеңімпазы атанды

Редактор
29.03.2024, 00:11

Ол мүмкін болған 11 ұпайдан 10,5 ұпай жинаған

instagram.com/chesscom_ru/

Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева тоғызыншы рет өткен Swiss Queens Wednesday турнирінде топ жарды. Аталған жарыс онлайн өтетінімен ерекшеленеді.

Еліміздің шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваның тиісті 11 ұпайдың 10,5-ін жинағанын атады. Осылайша отандасымыз қарсыластарынан 2 ұпайға алға шықты.

Swiss Queens Wednesday онлайн жарысы ФИДЕ-нің 100 жылдығына орай өтіп жатыр. Онда әлемнің ФИДЕ титулына ие маңдайалды шахматшылары бақ сынады. Әр турнирдің жүлде қоры 1 мың АҚШ доллары көлемінде бағаланып отыр.