Әлемдік күрес қауымдастығы Ризабек Аймұқанның әдісін ерекше бағалады (ВИДЕО)

Редактор
02.04.2024, 10:08

Ол сәуір айында Бішкекте өтетін Азия чемпионатында күреседі

olympic.kz

Біріккен күрес әлемі (UWW) қауымдастығы ресми парақшасында Ризабек Айтмұқанның 2023 жылы Сербия астанасында өткен әлем чемпионатындағы әдісіне ерекше баға берілді. 

92 келіде күресіп, іріктеу кезеңдерінде венгр балуаны Баласа Аттиланы ұтқан отандасымыз оны өзінен асыра лақтырған болатын.

Біріншілік нәтижесі бойынша әлем чемпионы атанған Ризабек ұлт спортында сенсация жасағаны белгілі. Бұған дейін еліміздің еркін күрес тарихында ересектер арасында әлем чемпионы шықпаған еді.  Қазақстандық балуан сол сында Венгрия өкілінен бөлек, Түркия, Грузия және финалда Әзірбайжан балуандарынан басым түсті.

Сондай-ақ, Ризабек Айтмұқан былтыр жастар арасында өткен әлем чемпионатында 92 келіде финалға шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кететін жайт, әлем чемпионы ақпан айында өткен ел біріншілігінде 97 келіде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды. Енді ол сәуір айында Бішкекте өтетін Азия чемпионатында күреседі.