Сметов пен Серікбаев Азия чемпионатында күреседі

Редактор
02.04.2024, 19:46

Жарыста чемпион болған дзюдогыға рейтингтік 700 ұпай беріледі

olympic.kz

20-22 сәуір аралығында Гонконгта дзюдодан өтетін Азия чемпионатында ел намысын 18 балуан қорғайтын болды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәліметінше, биылғы сары құрлық біріншілігінде ел атынан төмендегі спортшылар бақ сынамақ.

Ерлер:

  • 60 келі. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
  • 66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
  • 73 келі. Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
  • 81 келі. Абылайхан Жұбаназар
  • 100 келі. Нұрлыхан Шархан
  • +100 келі. Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер:

  • 48 келі. Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
  • 57 келі. Бақыт Құсақбаева
  • 63 келі. Эсмигуль Куюлова
  • 70 келі. Екатерина Токарева
  • 78 келі. Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина
  • + 78 келі. Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Азия чемпионатында 1-орынға - 700 ұпай, күміс жүлдегерге - 490 ұпай, қола медаль алғандарға 350 ұпай беріледі.

2022 жылы Азия чемпионаты елорда төрінде ұйымдастырылып, онда отандастарымыз 1 алтын, 2 күміс, 6 қола еншілеген еді.

Жалпы, Қазақстан құрамасы 1993 жылдан бері Азия чемпионатына қатысып, 14 алтын, 24 күміс, 77 қола жүлде иеленген.