Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық фристайлшы Италиядағы әлем чемпионатында топ жарды

Редактор
06.04.2024, 14:24

Бұл Анастасия Городконың ауыр жарақаттан кейін қол жеткізген алғашқы жеңісі

olympic.kz

Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Анастасия Городко чемпион атанды.

Olympic.kz-тің мәліметінше, қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ жарды. Ол 71.89 ұпаймен жеңіске жеткен.

Екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучи (69.96) өзара бөлісті.

Бұл Анастасия Городконың ауыр жарақаттан кейін қол жеткізген алғашқы жеңісі болып отыр.

2022 жылы Городко параллельді могулдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын.

Жарнама
Жарнама