Қазақстан ауыр атлетика құрамасы тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды

Редактор
07.04.2024, 13:02

Ұлттық құрама бірде-бір лицензия ала алмаған

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан ауыратлеттері ел тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды. Бұл туралы «Бей в кость| Бокс и MMA» телеграм-каналында хабарланды.

Соңғы үміт Сергей Петровичте болған. Алайда, лицензиялық жарыста бапкерлер оны C тобына қосып, үмітті біржола үзіпті. Ол өз салмағында әлемнің ең үздік он атлетінің қатарына қосыла алмаған.

Мақала авторы бұл сәтсіздікке ауыр атлетикада қалыптасқан жүйені кінәлап отыр. Яғни, басшылық медаль алу үшін кез келген қадамға барады, тіпті допинг қолдануды да әдетке айналдырған. Мәселен, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова Лондон Олимпиадасында, Ниджад Рахимов Рио Олимпиадасында чемпион болып, артынша допинг пайдаланғаны анықталды. Олар ХОК-қа алтын медальдарын қайтарып бергенімен, мемлекеттен алған қаржылай сыйақыны өздерінде алып қалды.