Азиаданың төмен нәтижесіне кімді жазалаймыз – министр жауап берді

Редактор
31.10.2023, 10:34

Қазақстан спортшылары Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсеткен болатын

Фото ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында небәрі 10 алтын медаль алып, жалпыкомандалық есепте 11-орын иеленген Қазақстан спортшыларының нәтижесіне баға беру қиын дейді Спорт министрі Ермек Маржықбаев.

Үкімет отырысының кулуарында журналистермен сөйлескен ведомство басшысы нақты біреуді жазалау да ойында жоқ екенін жасырмады.

«Биыл жыл соңына дейін, келер жылы шілде айына дейін барынша көп лицензия алуға талпынамыз. Кім кінәлі екенін айту қиын. Содан кейін барып қорытынды шығарамыз. Қазір айту қиын. Қазір бастысы, спортшыларды дайындау. Өйткені жаңа дайындық кезеңі басталды. Азиададан кейін бәрін саралап, сараптаймыз. Содан кейін Олимпиадаға жаңа күшпен дайындала бастаймыз», - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан Азия ойындарында медаль саны бойынша 11-ші орында қалған еді. Ел спортшылары байрақты бәсекеде 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) иеленген.