Қазақстан спортшысы нысана көздеуден Олимпиада жолдамасын олжалады

Редактор
31.10.2023, 18:43

Іріктеу жарысы Оңтүстік Кореяда өтіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Арина Алтухова нысана көздеуде келер жылы өтетін Париж олимпиадасының жолдамасын иеленді. Нысананы 50 метрден пневматикалық винтовка арқылы атудан Азия чемпионатында 590 ұпай олжалаған отандасымыз финалға шыққан болатын.

Жауапты сында бестікті түйіндеген ол төртжылдықтың басты ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.

Қазан айының 22 мен 2 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан құрлық чемпионатына 30 мемлекеттен барлығы 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде Олимпиаданың 24 жолдамасы сарапқа салынбақ.

Материалда: