Париж-2024: WADA ресейлік спортшыларға қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
10.04.2024, 08:53

Орыстар қатысқан жағдайда тусыз және әнұрансыз өнер көрсетеді

Фото ашық дереккөзден

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындарына елуге жуық ресейлік спортшы қатысады деп болжам жасайды.

Бұл туралы WADA басшысы Витольд Банька Бирмингемде өткен Халықаралық жазғы спорт түрлері федерациялары қауымдастығының (ASOIF) бас ассамблеясында мәлімдеді.

«Олимпиада туралы айтар болсақ, әзірге ойындарға қанша бейтарап спортшы жіберілетінін білмейміз, бірақ сарапшылар олардың саны 40 немесе одан көп болады деп болжап отыр», – дейді Банька.

WADA басшысы агенттіктің Ресейдегі допингке қарсы күреске әлі де күмәнмен қарайтынын алға тартты. 

«Қырағылық қажет, оның үстіне тарих бізге допингке қарсы жүйеде сақтық қажет екенін үйретті», – деп қосты Банька.

19 наурызда Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бейтарап мәртебеде ойындарға әрі кеткенде 55 ресейлік спортшы қатыса алатынын мәлімдеген. Дегенмен ХОК басшылығы спортшылар саны 30-дан асуы екіталай деп отыр.

Материалда: