Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Редактор
11.04.2024, 13:00

Финалға шықса ол әйгілі Ахмед Тажудиновпен белдесуі мүмкін

Күрес федерациясы

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Ризабек Айтмұқан жартылай финаллға шықты.

Ол ширек финалда Өзбекстан балуаны Максуд Версаловтан 11:0 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтіп отыр.

Енді Ризабек жартылай финалда Үндістан және Қытай балуандары жұбының жеңімпазымен белдеспек. 

Сондай-ақ, бұл сында 97 келіде әлем чемпионы, Бахрейн балуаны Ахмед Тажудинов те жартылай финалға шығып отыр.

Бұған дейін Ризабек Айтмұқан қырғыз балуаны Андрей Ароновты 6:0 есебінмен ұтқан еді.

Сондай-ақ, 57 келіде Мейрамбек Қартбай да жартылай финалға шықты. Ол финал жолдамасын жапон балуаны Кенто Юмиямен сарапқа салады. Ал 70 келіде Мейіржан Әшіров ширек финалда тәжік балуанына 5:1 есебімен есе жіберді.