Еркін күрес шеберлерінің жеребе тарту рәсімі өтті
Ертең Бішкекте күрес түрлерінен басталатын Азия чемпионатының жеребесі тартылды.
Бұл сынға қатысатын Қазақстан құрамасы мүшелерінің жарыстағы қарсыластары анықталды.
Еркін күрестен 57 келіде күресетін Мейрамбек Қартбай бірінші айналымда бос. Ол Түркіменстан және Өзбекстан балуандары жұбының жеңімпазымен белдеседі.
61 келі: Асыл Айтақын бірінші белдесуін Филиппин спортшысына қарсы өткізеді. Оның жеңсе Моңғолия мен Қытай балуандарының бірімен шеберлік байқасады.
65 келі: Санжар Мұхтар алғашқы белдесуде палестиналық спортшымен күреседі.
70 келі: Мейіржан Әшіров алғашқы айналымда Түрікменстан балуаны П.Хомадовпен өзара мықтыны анықтамақ.
74 келі: Сырбаз Талғат 1/8 финалда жапон балуанымен сынға түседі.
79 келі: Азамат Өміржанов Моңғолия балуанына қарсы өз әлеуетін байқап көрмек.
86 келі: Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда бос. Ол Камбоджа және Иран балуандары кездесуінің жеңімпазымен күреседі.
92 келі: Әділет Дәулімбаев үндістандық Винай Винаймен айқасады. Одан өтсе бахрейндік спортшымен белдеседі.
97 келі: Ризабек Айтмұқан бірінші белдесуін қырғыз балуанына қарсы өткізеді. Оны жеңсе өзбек балуанымен белдеспек. Аталған салмақта әлем чемпионы Ахмед Тажудиновпен тек финалда ғана жолығуы мүмкін.
125 келі: Абылай Совет ширек финалда Бахрейн балуанымен күреседі.