Бұған дейін балуандарымыз бір күміс, бір қола медаль жеңіп алған
Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде еркін күрес балуандары Асыл Айтақын мен Азамат Дәулетбеков финалға шықты.
61 келіде бақ сынаған Асыл Айтақын жартылай финалда үндістандық Акаш Дахияны 11:0 есебімен жеңді. Енді ол финалда қырғыз балуаны Тайырбек Жұмашбекұлымен белдеседі.
Сондай-ақ, жартылай финалда күрескен тағы бір балуанымыз Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта қытайлық Пейлон Лиден 11:0 есебімен басым түсті.
Финалдық сында Азамат Дәулетбеков өзбекстандық Жабраил Шапиевпен алтынға таласады.
Бішкектегі Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола жүлде иеленді.
Оның ішінде Мейрамбек Қартбай (57 келі) – қола, Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс медальға ие болды.