Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

Редактор
12.04.2024, 18:49

Ол 2022 және 2023 жылдары да құрлық чемпионы атанған

olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында Азамат Дәулетбеков жеңіске жетті. 

Ол шешуші сәтте Өзбекстан балуаны Жабраил Шапиевпен күресіп, 5:1 есебімен басым түсті.

Дәулетбеков бүгінгі жарысты ширек финалдан бастап, Иран балуанын 3:1 есебімен жеңді. Сондай-ақ, жартылай финалда қытай өкілін 11:0 уақытынан бұрын ұтты.

Азамат Дәулетбеков осымен Азия біріншілігін үшінші рет ұтып отыр. Ол осыған дейін 2022 жылы – Ұлан-Баторда, 2023 жылы Астанада чемпион атанған еді.

Сондай-ақ, бүгін күрескен Асыл Айтақын 61 келіде күміс жүлдегер атанды. 74 келіде күрескен Талғат Сырбаз Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін белдесуде Иран балуанына 5:1 есебімен жол беріп, жарысты 5-орынмен аяқтады.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші жүлде. Бұған дейін Мейрамбек Қартбай (57 келі) – қола, Ризабек  Айтмұхан (97 келі) күміс медальға ие болған еді.