Лаура Әлмағанбетова Азия біріншілігінде үшінші орынға ие болды

Редактор
14.04.2024, 17:46

Бұған дейін балуан қыздарымыз екі қол алған еді

uww.org

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында 57 келіде сынға түскен Лаура Әлмағанбетова қола жүлде үшін күресте жеңіске жетті.

Ол бұл белдесуде қырғыз спортшысы Сезім Жұманазаровамен күресіп, 5:0 есебімен басым түсті.

Лаура іріктеу кезеңдерінде оңтүстіккореялық спортшыдан 8:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты. Алайда финалға шығар сында жапон балуаны Цугуми Сакурайдан 10:0 есебімен ұтылды.

Айта кететін жайт, Қазақстан әйелдер құрамасының балуандары бұған дейін 59 келіде Диана Каюмова мен 76 келіде Эльмира Сыздықова қола жүлде еншіледі.