Қырғыз Айсұлу Тыныбекова Азияның 6 дүркін чемпионы атанды

Редактор
14.04.2024, 19:27

Ол сондай-ақ, Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері

Фото ашық дереккөзден

Қырғызстандық Айсұлу Тыныбекова Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында кезекті рет жеңіске жетті.

Ол финалдық сында жапониялық Сакура Матокиді ұтып, сары құрлықтың алтыншы рет үздігі атанды.

Айсұлу 2013 жылдан бері Азия біріншілігіне 11 рет қатысып барлығында жүлде алды. Оның тоғызында финалда белдессе, тек үш рет қана есе жіберген.

Сондай-ақ, қырғыз спортшысы әлемнің үш дүркін чемпионы, Азия Ойындарының жеңімпазы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Танымал балуан биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарында белдеседі. Сонымен қатар, ол 62 келіде әлем үздігі ретінде басты фаворитке баланып отыр.