«Қазақстан барысы» турнирінде жеңіліп қалған балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Редактор
02.11.2023, 11:08

Ол сондай-ақ, президенттің күзетінде де жұмыс істеген

Фото ашық дереккөзден

Абу Дабиде ардагерлер арасында дзюдодан өткен әлем чемпионатында ЦСКА клубының басшысы Арман Әбеуов қола жүлдегер атанды. Аса ауыр салмақта сынға түскен ол шешуші белдесуде польшалық Кулеза Казимиерзті ұтып, үшінші орынға ие болды.

Арман Әбеуов қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігіне қарасты ЦСКА клубының басшысы қызметін атқарады. Биыл басшылық қызметке тағайындалған спортшы президент жеке күзетінің құрамында қызмет еткен. Бірқатар жарыстарға қатысып, жүлдегер атанған.

Сонымен бірге, ол «Қазақстан Барысы» турниріне қатысып, қазақ күресінен өнер көрсетті. Алайда жүлделі орындарға іліге алмады.